Ақтөбеде 312-атқыштар дивизиясына ескерткіш тақтасы орнатылды

Естелік тақта Екінші дүниежүзілік соғыстың шешуші шайқасында қан төккен жауынгерлердің жаттығу алаңына орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарихшылар мен көнекөз қариялар Ақтөбенің Кірпішті ауданы орналасқан тұста әскери полигонның болғандығын растап отыр. Сондықтан жергілікті белсенділер Қарғалы мен Елек өзені тоғысқан тұсты абаттандырып, тарихи құндылығын көпшілікке жеткізуді көздейді. Ақтөбе мен Атырау, Орал мен Қызылорда тұрғындарынан жасақталған дивизия туралы қалың бұқараға кеңінен жеткізуге мүдделі.

Гумер Галеев, «Боевое братство» қорының негізін қалаушы:

- Мәскеу түбіндегі шайқаста 20 күн ішінде 11 мың жауынгердің тек үш жарым мыңы ғана тірі қалған. Панфиловтың 316-шы дивизиясымен қатар фашисттерге тойтарыс берді. Соғыстан тек 1200 сарбаз ғана оралды. Бұл деректер сирек айтылады. Бірақ біз батырлардың ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек.

Сондай-ақ...