Есірткі заттарын сақтаған 18 жастағы күдікті ұсталды

Атыраулық тәртіп сақшылары есірткі заттарын сақтаған Қостанай қаласының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қарасора» жедел алдын алу іс шарасы кезінде күдіктінің жалға алған пәтерін тінту барысында есірткі тәркіленді. Жалпы салмағы 5 грамға жуықтайтын мефедронның психотроптық зат екені белгілі болды. Қазір 18 жастағы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.