Демалыс күндері қатаң локдаун жалғасады

Елде той-томалақ әлі азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індеттің өршіп тұрғанына қарамастан мереке ұйымдастыратындардың қатары сиреген жоқ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. Сол себепті ол мониторингтік тексерісті күшейту қажеттігін атап өтті. Сосын Үкімет басшысына «қауіпті аймақта» орналасқан өңірлерде демалыс күндері қатаң локдаунды сақтай берейік деген өтініш айтты. Асқар Мамин министрдің өтінішін құп алды. Одан бөлек, ведомство басшысы елде эпидемиологиялық ахуал бірте-бірте тұрақталып келе жатыр деді. Соңғы 3 аптада вирус жұқтырғандар саны азая бастағаны байқалады.

Сондай-ақ...