423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағанды облысында есепте тұрған зейнеткерлерге «Vero Cell» екпесі салынады

  • 196
  • UPD: 15:16, 18.08.2021
Қарағанды облысында есепте тұрған зейнеткерлерге «Vero Cell» екпесі салынады

Қарағанды облысына қытайлық «Vero Cell» вакцинасының 40 мың дозасы келіп түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көлем 20 мың тұрғынды иммундау үшін жеткілікті. Вакцина екі компоненттен тұрады. Қос бөлікті егу арасы кемі 21 тәулік болуы тиіс. Аталған вакцина емханада қосымша ауруларымен есепте тұрған зейнеткерлерге салынады. Себебі иниактивті екпе барынша жеңіл өтеді. Яғни онда ауруды тудыруы мүмкін вирустың бір бөлігі жойылады, нәтижесінде оның антидене тудыратын қабілеті сақталады. Айта кету керек, «Vero Cell препаратын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған. Қарағанды облысында екпенің екі компонентін қабылдағандар саны 340 мыңнан асты.

Раиса Бектемірова, профилактикалық бөлім басшысы:

– Жеңіл дегені, вакцина салғанда адамға реакциясы аз. Иыққа салынады, сол жер ғана кішкене ауырады, бас ауыруы мүмкін. Сондықтан жеңіл деп айтып жатыр. Саны шектеулі, қазір 500 адамға алдық, бүгіннен жасап жатырмыз. Келген адамды базадан тексеріп жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы