Ақтауға тағы бір жылжымалы егу кешені әкелінді

Ақтауда тағы бір жылжымалы егу кешені пайда болды.

Соңғы кезде қала тұрғындары екпе алуда белсенді. Әсіресе демалыс күндері емдеу мекемелеріне тұрғындар көптеп келеді. Мәселені шешу үшін Қарақия ауданынан жылжымалы медициналық бекет алдырылды. Қазір ол 7 шағын аудандағы №1 емхананың ауласында тұр. Мұнда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Күніне кемі 300-400 адам вакцина салдырады.

Азамат Үсенов, қалалық №1 емхана директорының міндетін атқарушы:

– Екпе алатын адам көбеюіне байланысты денсаулық сақтау басқармасымен шешім қабылданды. Қарақия аудандық ауруханасынан жылжымалы медициналық пункт жіберілді бізге. Жұмыс кестесі бойынша таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Демалыссыз. Жексенбі, сенбі күндері де жұмыс істейді.