Қазақстанның кей өңірлерінде электр тарифі қымбаттауы мүмкін

Еліміздің кей өңірлерінде 1 қыркүйектен бастап электр тарифі қымбаттауы мүмкін.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Жапсарбайдың айтуынша, аумақтық департаменттерге энергия өндіру және таратуға қатысты қызмет түрлеріне тариф көтеру туралы өтінімдер келіп түскен. Бағаны Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күзден бастап өзгерту қарастырылып жатыр. Алайда тұтынушы қалтасына түсетін салмақты барынша азайтамыз деді комитет басшысы.

Еске салайық, электр қуатын өндірушілер үшін елде тариф 1 сәуірден бастап көтерілген. Ал кей аймақтарда коммуналдық төлем 1 шілдеден бастап қымбаттаған.