Алматы облысында оқушылардың коронавирус жұқтыру дерегі көбейген

Алматы облысында короновирус жұқтырғандар саны күрт көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте өңірдегі 477 адамнан індет белгілері анықталған. Олардың 68-і мектеп жасындағы балалар. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай тіпті өткен жылы да болмаған. Сырқаттанғандар көрсеткішінің өсуі соңғы екі аптада 0,9 проценттен 1 процентке жетті. Негізінен Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан және Кеген аудандарында өсім көрсеткіші сақталып отыр.

Айта кетейік, аймақта былтырдан бері 38 мыңнан аса адамнан короновирустық инфекцияның белгілері байқалған.   

Әлия Шағиахмет, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

– Былтыр карантин басталғалы адамдар карантин талаптарын сақтап, той жасамап еді. Биыл өршіп бара жатқанына қарамастан той жасап жатыр. Бізде қазір мониторингтік топтар жұмыс істеп жатыр. Олар той жасауға қатысты күніне 3-4 жағдай тіркеп жатыр. Ол бір тойда екі жүз, үш жүз адамнан келеді.