425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстандық борттар Ауғанстан аумағында ұшпайды

  • 168
  • UPD: 22:56, 18.08.2021

Қазақстан ұшақтары Ауғанстан аумағында ұшпайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елдің әуе кеңістігінде ұшатын рейстердің бағыттары өзгереді. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осындай талап қойып отыр. Бұл шешім жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды. Мекеме барлық тәуекелді ескеріп, осындай ұйғарым жасаған. Яғни жағдай түзелгенше ұшуға тыйым салынады. «Қазаэронавигация» компаниясына да дәл осындай нұсқаулық жолданды.

Хабар 24 телеарнасы