Қазақстандық QazVac вакцинасы Қырғыз Республикасында тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Куәлікті жергілікті Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы дәрілік заттар және медициналық бұйымдар департаменті берді. Әзірге екпені қолдану мерзімі 1 жыл.
Айта кетерлігі, Қырғызстан коронавирустық инфекцияға қарсы отандық вакцинаны тіркеген алғашқы мемлекет болды.