425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жетісулық жастар мұқтаж жандарға үй салып жатыр

  • 103
  • UPD: 09:21, 19.08.2021
Жетісулық жастар мұқтаж жандарға үй салып жатыр

Талдықорғандық белсенділер Ынтымақ ықшам ауданындағы 10 бөлмелі үйді мұқтаж жандарға тарту етпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мақсатта олар ұзынынан баспана салып жатыр. Бүгінгі күнге дейін оның үш бөлмесі бітіп, оған тұрмысы төмен отбасылар қоныстанған. 30 шаршы метрлік бөлмелердің әрбірінде жуынатын, ас ішетін және жатын орын бар. Яғни көп қабатты үйдің шағын пәтері іспеттес. Қалған жетеуінің құрылысы әлі жүріп жатыр. Қолдан келген жұмысты жігіттердің өздері атқарып келді. Енді есік-терезелерін салу, сылау, электр тоғын тартып, жылу жүйесін жүргізуге мамандардың қолғабысы қажет болып тұр. Ауланы қоршап, монша салу сынды шаруалар да жоспарланған. «Көпшіліктің көмегімен бой көтерген үйдің құрылысын аяқтау үшін қаржы жағы да қолбайлау», - дейді игі іске ұйытқы болған жас.

Айдын Бахаев, қала тұрғыны:

- Қазіргі таңда осы жеті үйді бітірсек, Алла қаласа, біз сол тұратын адамдарға бұл үйді бастарына аударып, үйді өз меншіктеріне қалдырамыз. Соған енді көмектесем деген адамдар болса, бір бөлмесін бітіріп берем дейтіндер болса, бізге хабарлассаңыздар болады.

Хабар 24 телеарнасы