Таразда көпшіліктің басқосуы тыйылмай тұр

Таразда көпшілікке арналған іс-шараларға тыйым болмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезекті рейд барысында қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ойын-сауық орталықтары мен басқосу орындарындағы карантиндік режимнің бұзылуын анықтады. Әшкере болғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін хаттама толтырылып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдеріне жіберілді. Таразда індет жұқтыру дендеп тұрғанымен, тәртіпке бағынып жатқандар аз. Өткен тәулікте Жамбыл облысында ПТР сынама арқылы тағы 221 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.

Сондай-ақ...