Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Алдағы сенбі-жексенбі күндері елордада Түркістан облысының тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтан 500 тонна өнім тиелген жүк көліктері жолға шықты. Жәрмеңкеге Түркістан өңірінің 50-ге жуық тауар өндірушісі қатысады. Бас қала тұрғындарына олар ет және сүт өнімдерін, көкөніс, бақша дақылдарын, жеміс-жидек, сондай-ақ бал ұсынады. Жәрмеңкеде тауарлар нарықтан 15-20% арзан бағада сатылады.

Нұрбол Бекмұратов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Жәрмеңке 21-22 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласы Хан шатыр аумағындағы автотұрақ аумағында өтетін болады. Жалпы жәрмеңкеге Түркістан облысының 16 ауданынан 34 түрлі өнім жіберіліп отыр. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарымен біз өзімізді 100% қамтамасыз етеміз. Артығын республиканың өзге өңірлеріне, сонымен қатар Ресей, Беларусь елдеріне экспортталып жатыр.