СҚО-да шектеу шараларын бұзғандар 2,7 млн теңге айыппұл төлейді

Солтүстік Қазақстан облысында карантиндік шектеу шараларын бұзғандар 2,7 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға қатысты 38 әкімшілік-құқықбұзушылық тұрғысындағы хаттама толтырылған. Оның үшеуі жеке кәсіпкерлерге қатысты. Ал, үй жағдайындағы карантин режимін бұзған 12 өңір тұрғыны жауапкершілікке тартылып отыр. Кейбір адамдардың дерт жұқтырғаны Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істейтін нысандар арқылы да анықталуда. Облыс вирустың таралуы бойынша әлі «қызыл аймақта». Бүгінде инфекциялық ауруханалардағы кереуеттердің 44%-і толған. Ал, дертке қарсы екпемен өңір тұрғындарының 58%-і қамтылған. Дәрігерлер вирус жұқтыру көбіне қоғамдық орындарда болатынын айтады.

Әсет Жұматаев, Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Эпидемиологиялық зерттеу барысында тамыздың 4-і мен 17-і аралығында дерт жұқтыру бойынша сауда орындарына барудан 1157 жағдай, қоғамдық көліктерде 15, пошта, банк және халыққа қызмет көрсету орындарында 4% анықталды. Отбасылық шаралар өткізуден 3%, сондай-ақ тамақтану орындары мен спорт нысандарынан да деректер бар.