Түркістан облысында індет жұқтырғандардың саны азайды

Елде эпидемиологиялық ахуал аз да болса түзеле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркістан облысында кешелі бері 106 адамнан коронавирус анықталған. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 33-ке аз. Бірақ босаңсуға негіз жоқ дейді мамандар. Өйткені жедел жәрдемге қоңырау шалып, шақыртушылардың саны азаймай отыр. Сондықтан дәрігерлердің жұмысы азаймаған. Жалпы облыста барлығы 341 жылжымалы медициналық топ жұмыс істейді. Вирус жұқтырған науқастар үшін өңірдегі ауруханаларда 3 жарым мың орын дайындалған. Қазір солардың тең жартысында науқастар ем қабылдап жатыр.

Асқар Ысқақов, облыстық бас санитариялық дәрігерінің орынбасары:

- Коронавирус жұқтырып ауруханаға түскендердің басым бөлігі вакцина алмағандар мен карантин режиміне атүсті қарап, адамдар көп шоғырланатын орындарға барғандары анықталып отыр. Бұл індеттің таралу қаупі өте жоғары екені бәрімізге мәлім. Сондықтан әр азамат сақтануды өзінен бастауы керек. Мысалы 1 мен 16 тамыз аралығында карантин талабын бұзған 171 жағдай тіркеліп отыр.