Шенеунік Ashyq қосымшасын енгізу үшін пара алған

Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы пара алды деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Ол коронавирусқа қарсы пәрменді шара қабылдаудың орнына кәсіпкерлерден ұдайы пара алып келген. Санитарлық-эпидемиологиялық мақсатта оң қорытынды шығарып, Ashyq қосымшасын енгізуге мүмкіндік берген. Қызметін 100-120 мың теңге шамасында бағалапты.

Қазір шенеунік Түркістан қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Енді аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.