Атырауда коронавирус жұқтырған мыңнан астам адам карантин талаптарын бұзған

Атырауда тамыз басталғалы ковид жұқтырған мыңнан астам адам қоғамдық орындарға баруға тырысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

ПТР тесті оң нәтиже көрсеткендер «Ашық» жүйесі арқылы анықталды. Әсіресе қоғамдық тамақтану орындары мен ойын клубтарында карантин талаптары жиі бұзылады. Бұл туралы облыстың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. Мамандардың айтуынша, осы айдың басынан бері 617 рейдтік шара ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде шағын және орта бизнес нысандары мен жеке тұлғаларға барлығы 524 айыппұл салынды. Қазір өңірде құрамына полицейлер мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін 64 мобильді топ жұмыс істейді.