425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан облысында полиция қызметкерлері тойға жиналғандарды үйлеріне қайтарды

  • 296
  • UPD: 17:22, 20.08.2021

Түркістан облысында бір ауылдың екі тұрғыны қауіпті індеттің өршіп тұрғанына қарамастан той жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті рейд кезінде карантин талаптарын өрескел бұзып, үйінде 50 адамға қыз ұзату тойын ұйымдастырған Гүлстан ауылының тұрғынын жауапқа тартты. Учаскелік полиция инспекторлары көпшілікке түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үйлеріне қайтарды. Сондай-ақ дәл сол ауылдың келесі бір үйінде 50 адам жинап, беташар өткізген тұрғындар анықталды. Қазір карантин талаптарын сақтамай, адамдардың көптеп жиналуына жол берген той иелеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша іс қаралып жатыр. Облыстық Полиция департаменті бұл азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертті.

Хабар 24 телеарнасы