Оралдағы өрт толық сөндірілді

Орал қаласының дәл іргесінде тұтанған алапат өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, түнде даладағы құрғақ шөп лезде жанып, қызыл жалын Сарытау шағын ауданына жетіп қалған еді. Шамамен 8 гектар аумақ жанып кеткен. Аймақта жаз мезгілінде орман өрті жиілеп кетті. Әсіресе тамыз айы басталғалы тілсіз жаудың екпіні күшейе түсті.

Мереке Жұмағалиев, Батыс Қазақстан облысы ТЖД басқарма басшысы:

– Тамыз айының өзінде ғана 12 орман өрті мен 7 дала өрті тіркелді. Сонымен қатар өткен тәуліктің өзінде «101» пультіне 18 хабарлама түсті. Оның 13-і – құрғақ шөптің жану фактісі және 5 факті өрттер оқиғасы. Сарытаудағы өрт оқиғасы хабар бізге 21:53-те келіп түсті. Жануды жоюға департаменттің 4 техникасы мен 26 жеке құрамы қатысты.