425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырау облысында батпаққа батқан браконьерлерден жарты тонна бекіре тұқымдас балық тәркіленді

  • 107
  • UPD: 15:18, 20.08.2021
Атырау облысында батпаққа батқан браконьерлерден жарты тонна бекіре тұқымдас балық тәркіленді Matritca.kz

Атырау облысында браконьерлер қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Лексус» маркалы жол талғамайтын көлікке 120 дана су маржанын тиегендер Исатай ауданы Жанбай ауылының тұсында ұсталған. Таңғы сағат 5-тер шамасында бағалы балық әкеле жатқан көлік жолға шыға алмай, батып қалыпты. Тәртіп сақшылары браконьерлерден жарты тонна бекіре тұқымдас балық пен екі дорба ау құралдарын тәркілеген.

Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Осы іске күдікті деп танылған 1971 жылғы азаматтың осыған ұқсас баппен бұрын да соттылығы болған, яғни заңсыз балық аулау фактісі бойынша. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚК 339-бабы1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы