Алимент төлеушілерге жауапкершілік күшейтіледі

Парламент Мәжілісінің депутаттары мен заңгерлер еліміздегі алимент төлеушілерді тәртіпке шақырады.

Себебі, кейінгі жылдары алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтар қатары көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олар кірісін әдейі жасырып немесе төмендетіп көрсетсе, жұмыс беруші жауапқа тартылуы мүмкін. «Себебі, алимент төлеуші мен жұмыс беруші арасында келісім жасалады. Осындай әрекеттерге жол бермеу үшін жауапкершілікті күшейту керек», - дейді мамандар. Жалпы басқа да заң актелеріне 30-дан астам өзгерту мен толықтыру енгізу де жоспарда бар.

Бақытжан Әбдірайымов, заң ғылымдарының докторы:

- Оның табысы да бар. Астында көлігі де бар. Осы мәселе өзекті мәселенің біреуі. Сол себепті бұны қалай жауапкершілікке тартамыз, жауапкершілікті қалай күшейтеміз, құзырлы органдарға қандай талаптарды қоямыз? Сол себепті оларды жауапқа тарту мәселесінде қазіргі таңда қарастырып жатырмыз.