ШҚО-ның Бородулиха ауданындағы халықтың 70%-і екпе алды

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданындағы жұрттың 70 проценті екпенің алғашқы компонентін алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шамамен 12 мың адам. Ал екінші дозасы 9 мың тұрғынға егілген. «Дегенмен, халықтың белсенділігі әлі де болса төмен», - дейді жергілікті дәрігерлер. Осыған орай өңірде жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні қауіпті дерт 17 адамнан анықталса, соның 4-уі ауруханада ем алуда.

Айта кетейік, қазір аталған ауданда 12 екпе кабинеті жұмыс істейді.

Серікбек Шумаев, Бородулиха ауылының тұрғыны:

- Екінші компонентін алып жүрмін. Өз денсаулығым үшін, айналам үшін, жақындарымның денсаулығы ушін. Немерем туды елордада, соған барам деп жүрмін.