Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан мен Ресей уәкілдері онлайн кеңес өткізді

Ешбір адам тілі, діні, ұлты немесе нәсіліне қарай шеттетілмеуі керек.

Осы тақырып бүгін Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан мен Ресей уәкілдерінің онлайн кеңесінде талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында елдің Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Адам құқықтарын қорғау және кемсітпеу мақсатында ұлтаралық және конфессияаралық келісім саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге үндеді. Екі ел арасындағы тұрақты достық қарым-қатынастарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Интернет желілерді пайдалана отырып, осындай кемсітушілікті жасайтын құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту туралы айтты. Бұл қарапайым азаматтарға ғана емес, азаматтық және саяси қайраткерлерге де қатысты. Біз басқа азаматтарға, оның ішінде тілдік белгілері бойынша агрессияны, өшпенділікті және төзбеушілікті тудыратын жария мәлімдемелерді азайту бағытында күш біріктіруге шақырды.