Өскеменде қоқыс қалдықтарын бөлек жинау қашан қолға алынады?

Қоқыстарды бөлек жинау полигондардың көлемін азайтып, қайта өңдеу саласын дамытуға айтарлықтай әсер етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Өскеменде бұған қарсылық танытып, тәртіпсіздік көрсететіндер де бар екен. Құны 80 мың теңге болатын 1200-ден астам пластик контейнерлерге белгісіз біреулер қырғидай тиген. Үшеуін өртеп жіберіпті. Өңірдің дамуы үшін жасалған жарқын жобаға кесірін тигізгендер қазір іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, облыс орталығында жыл сайын 140 мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Ал мамандар оның 45 процентін қайта өңдеуге мүмкіндік бар дейді.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің кеңесшісі:

– Біз бұл адамдарды міндетті түрде тауып, заңға сәйкес жазалаймыз. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын да жүргіземіз. Мұндай тәртіпсіздікке бармауы үшін оларды қоғамдық жұмысдарға да тарту жоспарымызда бар.