Алматылық шаруалар Маңғыстауға шөп жинап жатыр

Алматы облысындағы Ескелді ауданының шаруалары шөп орып жатыр. Мал азығын Маңғыстау облысына жібермек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл іске Ақсу ауданының азаматтары да шама-шарқынша қолдау көрсетті. Әзірге 5 вагонға тапсырыс берген. Бірер күнде шамамен түбектегі елге 80 тоннадан аса шөп жібереді. Айта кетейік, бұған дейін де аймақ белсенділері осындай көлемде шөп жөнелткен болатын. Бұл жолы егінге орақ салған диқандар да жемнен көмек бермек

Қайрат Қуаныш, кәсіпкер:

- Жемнің құнары жақсы малға көмегі тигізеді деген ниетпен қазіргі таңда бес тоннадай жеміміз жиналды. Бұйырса бүгін енді тией бастаймыз. Бұл қайғы бір қазаққа емес, барша қазаққа келіп жатыр, басымыздан өтіп жатқан қиын жағдай. Сол себепті бірігейік, бірлесейік деп жатырмыз.