Елордада «Birgemiz: Ayala» жобасы басталды

Мақсат – иесіз ит мысықтарды паналатып отырған орындарға көмек көрсету, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еріктілер жануарларға күтім жасайды. Жай жүрмей, зоопсихологияны үйренеді. Жалпы бұл жобаға қатысам деген кез келген адам осында келіп  жануарларға көмек көрсете алады.

Лейла Масимова, волонтер:

- Осы жоба аясында волонтер болып қызмет көрсеткен жандар конкурсқа қатыса алады. Яғни күтіп, баптауды үйреніп, жануарларға алғашқы көмек көрсетуді жетік меңгерген азамат 500 мың теңге сыйыақы алуына мүмкіндік бар. Ол үшін шын жанашыр болып, біздің волонтерлік қатарға қосылса жеткілікті.