Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 523 адамның жағдайы өте ауыр

22 тамыздағы мәлімет бойынша 123 773 адам коронавирус инфекциясынан (–117 885 + және 5 888 КВИ-) емделіп жатыр.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың ішінде 29 856 пациент стационарда, 93 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 927 адамның жағдайы ауыр,
  • 523 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 249 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.