Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды

Енді оны әр демалыс сайын өткізу жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індет өршіп, қалада эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап кеткенде сауда жасауға уақытша тыйым салынған еді. Қазір енді қайта жанданып отыр. Бүгін Түркістан облысының шаруалары өз өнімдерін сауда сөрелеріне қойды. «Нарықтағы бағадан әлдеқйда арзан», - деп отыр жәрмеңке ұйымдастырушылары.

Руслан Ыдырысов, қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы:

- Мұндағы өнімдер базардағы тауарлардан біршама арзан. Шаруаларға орындарды тегін беріп жатырмыз. Сондықтан олар арзанға сатады. Санитарлық талаптар сақталып жатыр.