«Ыбырайдың ізімен» атты велошеру басталды

Елордалық әуесқой спортшылар Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай 750 шақырымды велосипедпен жүріп өтпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар күн сайын 100-ден астам шақырымды артқа тастап, 6 күннен кейін ұлы ұстаздың туған жері Қостанайға жетеді. Веломарафон  Нұр-Сұлтан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин көшесінен басталды.

Толығырақ Әнел Еділқызы баяндайды.