Шығыс Қазақстанда дала өрті сөндірілді

Бүгін таңертең Шығыс Қазақстан облысы Мариногорск ауылдық округінде дала өрті сөндірілді.

Тілсіз жау 40 гектар аумақтағы құрғақ шөпті шарпыған. Сондай-ақ орманды алқаптың 4 гектары отқа оранды. Өрт сөндірушілер мен орманшылар қызыл жалынмен 3 күн бойы арпалысқан.