Елорда тұрғындарын вакцинация пунктеріне жеткізетін автобустар ұйымдастырылды

Сарыарқа ауданындағы елді мекендердің тұрғындарын вакцинация пунктеріне жеткізетін арнайы автобустар ұйымдастырылды.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Вакцина алатын тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Агроқалашық, Көктал-1, Көктал-2 елді мекендерінен емханаларға дейін арнайы автобустар жүретін болады.

Автобустардың жүретін уақыты мен орындары туралы ақпаратты елді мекендердің инспекторларынан білуге болады.

Агроқалашық елді мекенінің инспекторы: Ержан Жұмағұлов – 8 701 527 98 99.

Көктал -1 және Көктал-2 елді мекендерінің инспекторы: Самат Топатаев – 8 702 818 88 01.

Қазіргі таңда Сарыарқа ауданында орналасқан емханаларға 267 354 тұрғын тіркелген, ал олардың 253 812-сі коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды.

Естеріңізге сала кетейік, індетпен күресудің ең тиімді әдісі – халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Қазіргі уақытта елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО мен СҮ-де 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді.