Электронды үкімет порталындағы қателіктерге арыз-шағым көбейді

Электронды үкімет порталындағы ақпараттар қате. Соңғы кезде осындай арыз-шағымдар жиіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, кейбір адамдардың есімі мен тегі қате жазылса, енді бірінің туған күндері дұрыс көрсетілмеген.

Татьяна Назарук электронды үкімет порталында өзіне қатысты ақпараттардың қате екенін байқаған. Мәселен, әкесінің есімі басқаша көрсетілген. Бұған қоса, жоғары оқу орнын бітіргені жөніндегі дипломында мүлде өзге деректер тұр.

Татьяна Назарук, жергілікті тұрғын:

- Менің мамандығым – журналист. Ал, электронды порталда орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі деп көрсетілген. Тіпті сырттай оқыды деген де ақпарат бар. Кейін дәл осындай олқылықтар басқа адамдарға қатысты да кездесетінін анықтадым. Олар әлеуметтік желіге қате құжаттардың суретін сала бастады.

Енді осы құжаттарды қолданғанда оның иесіне кесірі тиген болса, сотқа жүгінуге болады. Тіпті солай жасау қажет. Елордалық заңгердің пікірі осындай.

Айсана Сман, заңгер:

- Азаматтың мәліметтерін дұрыс пайдаланбай, оның ішінде өзгертіп пайдаланып, бұндай жағдайларда қылмыстық кінәға алып келеді. Қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Оны қандай жолмен пайланады? Не үшін пайдаланды? Осы сұрақтарға ҚР құқықтық органдары жауап береді.

Бұндай жағдайлар елімізде жиі тіркеліп тұрады. Заңгер оған техникалық ақаулармен қатар адам факторы да себеп болуы мүмкін дейді. Ал, құзырлы мекемелер оны түзету қиын еместігін алға тартады. Құжаттың иесі өтініш берсе жеткілікті.

Әділетжан Ағаділ, «Ұлттық ақпараттар технологиялар» АҚ бас маманы:

- Үкімет порталындағы бұндай қателіктер АХАТ АЖ ақпараттық жүйесінің ішінде орналасқан. ҚР Әділет министрлігі құзіретіне кіреді. Ондай қателіктерді жлою үшін арызданушы АХАЖ бөліміне жүгінуі керек.

Сала мамандары элекронды үкімет порталындағы жеке кабинетке жиі кіріп, мәліметтерді тексеріп отыруға кеңес береді. Әйтпесе, жоғарыдағы кейіпкеріміз сияқты қолайсыз жағдайға сіздің де тап болуыңыз мүмкін.

Авторлары: Аслан Қаженов, Динара Әбдірова

Сондай-ақ...