Оралда жеке сектор тұрғындарының жылуға қарызы 400 млн теңгеге жетті

Оралда жеке сектор тұрғындарының жылуға берешек қарызы 400 миллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылу жеткізуші компанияда қазір жоспарлы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты жылу желілеріндегі қысым азайтылып, кәсіпорын жұмысы бірнеше күнге толықтай тоқтайды.

«Қарыздың бұлай көбеюі жаңғырту жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіреді», - дейді кәсіпорын басшылары. Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына бюджеттен 405 миллион теңге бөлініпті. Осы қаражат есебінен жылу электр орталығындағы желілер мен қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір бөлінген қаржының 83%-і игерілген.

Айта кеткен жөн, аймақтағы инженерлік желілерді толықтай жаңғырту қажет. Әсіресе, су құбырлары мен жүйелерінің және электр желілерінің басым бөлігі жаңартуды талап етеді. Бу турбиналарын салқындатуға қажетті суды жеткізу де қиындап барады.

«Өйткені Жайық өзені деңгейінің төмендеуі салдарынан жағалаудағы су сорғы станцияларына күш түседі», - дейді мамандар.

Қуат Мусин, Жылу жеткізуші компанияның бас директоры:

- Нақты үлкен проблема туғызып отырған ол жекеменшік секторы. Бүгінгі күнге 400 миллион теңге бережақтары бар жекеменшіктердің. Соның ішінде 150 миллионы ол бұрынғы жылдардан созылып келе жатқан қаржылар ғой. Ол өте күрделі проблема, ақшаны қайтару жұмыстары өте қиын болып тұр. Әрине, біздер сот, нотариалдық конторлар арқылы сол жұмыстанып жатырмыз. Бірақ көбі сол бережақтардың басқа елдерге көшіп кеткен тұлғалар екен.

Сондай-ақ...