425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Петропавлда кинологтардың жарысы басталды

  • 121
  • UPD: 11:30, 24.08.2021

Солтүстік Қазақстан облысында кинологтардың жарысы басталды. Төбеттердің тартымдылығы емес, әскери қызметтегі ширақтығы мен шеберлігі сыналатын дода бес күнге жалғасады. Осы аралықта олардың жұптық жұмысы мен қылмыстық топты құрықтаудағы қырағылығы сараланбақ. 

«Орталық» өңірлік қолбасшылығы ұйымдастырған байқауға 27 қызметтік ит қатысып жатыр. Жарыста төрт аяқтылар бұйрықты орындау, жарылғыш  заттарды табу сынды бірнеше сыннан өтетін болады.

- Иттің алдыңғы тістерін қарайды. Ешқандай зақым келген жоқ па? Сосын құлағын қарайды. Кеудесін қарайсыздар, жара жоқ па деп. 

Жарыс алаңына шықпас бұрын иттер арнайы тексерістен өтулері міндетті. Ветеринарлар олардың денсаулығынан еш кінәрат таппаса  жарыс алаңына жібереді.  

Дархан Мүслімов, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі ветеринарлық қызметінің аға маманы:

- 37,5-39 градусқа дейін нақты олардың өздерінің сондай температурасы. Если 39-дан асып 40-қа жақындап қалса онда уже иттің бір жері ауырып тұр. Бүгінгі жарысқа қатысып жатқан бүкіл ит тексерілді. Ешқандай арыз-шағым жоқ. Барлығы жақсы. 

Петропавл, Степногорск, Көкшетау, Қостанай, Теміртау, Қарағанды және Атбасардан келген кинологтар бес күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Жарыс басталысымен кейбір иттер тапсырманы орындамады.

Қатысушылардың айтуынша, егер иесі қобалжыса, төрт аяқты досы оны сезеді екен.

- Сам переживал, она много смотрела, но мало чего выполняла. Все равно самый лучший. 

Кинологтар сенімді серігін баладай баптап, жылдар бойы жаттықтырады. Сондықтан мұндай жарыстардан күтері көп.

Жантөре Мендаразов, ҚР ҰҰ 5451 әскери бөлімі кинология қызметінің бастығы:

- Кәсіби біліктілікті жетілдіру мақсатында әрдайым жас кинологтарды әкелуге тырысамын. Және бүгінгі жарысқа екі қызметтік итім іздестіру қызметі бойынша және мина іздестіру қызметі бойынша және есірткі іздестіру бойынша жақында ғана іріктелген жас, жас деңгейлері 1 жастан аспаған қызметтік иттерді ала келдім.

Жалпы биыл «Орталық» өңірлік қолбасшылығындағы иісшіл иттердің көмегімен 70-ке жуық қылмыстың беті ашылған екен. Ал бұл додада жеңімпаз атанған команда Ұлттық Ұланның біріншілігіне жолдама алады. Ол қыркүйек айында ұйымдастырылмақ.

Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы