Қазақстанда әрбір зейнеткерге 59 мың теңгеден төлеу туралы хабарлама жалған болып шықты

Қазнетте әрбір зейнеткерге 59 000 теңге мөлшерінде төлем төленуі керек екендігі туралы ақпарат таратылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті тапсырма берген екен. Бұл фейк, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды.

– Азаматтарға мұндай хабарламаларды алаяқтар жеке аккаунттар мен банктік шоттарды иемдену үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыздар. Азаматтардан фейктерге назар аудармауын және ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана алынған ақпаратты ғана пайдалануын сұраймыз, – деп түсіндірді ведомстводағылар.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіздер.