ШҚО-да өрт сөндірушілер ормандағы тілсіз жаумен арпалысып жатыр

Шығыс қазақстандық өрт сөндірушілер де Көкпекті және Аягөз аудандарында тілсіз жаумен арпалысып жатыр.

Көкпекті ауданына қарасты алқаптың 45 гектарын от шарпыған. Ал Аягөз ауданының Қара Бұжыр мен Үмбетай учаскесінде 35 гектар жерде шөп өртеніп жатыр. Қазір табиғи апатпен күреске 88 өрт сөндіруші мен төтенше жағдай қызметінің 12 техникасы тартылған. Бұған қоса жергілікті атқарушы органдардың 13 техникасы жұмылдырылған. Ауыл тұрғындары да өрт сөндірушілерге болысып жатыр. Отты ауыздықтауға қатты жел кедергі келтіріп тұр. Өскемен, Риддер, Марқакөл, Алтай, Семей, Бесқарағай, Бородулиха, Катон-Қарағай мен Күршімде де түрлі дәрежедегі өрт ошақтары анықталды. Осы ретте төтенше жағдай қызметінің өкілдері тұрғындарды абай болуға шақырады. Әсіресе жергілікті шаруа қожалықтарына өртке қарсы тиісті шаралар қабылдауға шақырады.

Сондай-ақ...