Жамбыл облысында бір тәулікте 700 рет жол ережесі бұзылды

Жамбыл облысында бір тәулікте 700-ге жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Бұл өңір аумағында жүргізілген «Құқықтық тәртіп» және облыстық «Қауіпсіз жол» жедел іс-шарасы барысында белгілі болды. 

9 жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген. Оларға қомақты айыппұл жазылады немесе 15 тәуілікке темір торға қамалады. Көлік тізгіндегендердің көбісі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Ал жаяу жүргіншілердің жол қауіпсіздігін елемеуінен келеңсіздіктер көп, дейді мамандар.