ШҚО-да вакциналау қарқынды жүріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында вакциналау науқанына жедел жәрдем көліктері де тартылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһарда 19 мыңдай адам қауіпті індетке қарсы екпе алып үлгеріпті. Бұл жоспарлы межеден 60 процентке көп. Негізінен вакциналау орындары ауруханалар мен емханаларда орналасқан. Кәсіпорындар да бұл маңызды шарадан тыс қалған жоқ. Мәселен, өндірістік металлургиялық кешеннің барлық дерлік жұмысшылары екпе салдырыпты. Жылжымалы стансалардың да көмегі зор. Көлік қаланың шағын аудандарын аралайды. Мұнда орталық аурухана дәрігерлері халыққа кезекпен қызмет етеді және күніне 30 адамға дейін жұқпалы дертке қарсы вакцина салынады. 

Мәдина Кеукенова, терапевт:

– Бұл жедел жәрдем көліктерін біз жүріп-тұруы қиын деген адамдар үшін пайдаланып жатырмыз. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін көп қабатты үйлердің аулаларына барып тұрамыз. Кезек күткісі келмейтіндер мен егде жастағылар үшін бұл өте ыңғайлы деп есептеймін.

Николай Душенок, Риддер қаласының тұрғыны:

– Менің әйелім, балаларым түгел екпе алды. Енді өзім де вакцина алу туралы шешім қабылдадым. Қауіпті індетпен ауырған емеспін. Ешкім ауырмаса екен деп тілеймін.

Сондай-ақ...