Бас қалада іздеуде жүрген төрт адам ұсталды

Елордада іздеуде жүрген 4 күдікті және тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған 8 адам ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Күдіктілер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында қолға түскен. Жедел шара барысында 916 әкімшілік хаттама толтырылған. Қоғамдық орында мас күйде жүргендер мен 300-ден астам тұлғаның тұрақты тіркеуі жоқ екендігі анықталды. 

Арман Айтмағамбетов, жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

– Жедел шара барысында қаланың неғұрлым криминогендік учаскелері анықталды. Оларды патрульдеу үшін учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон қызметі, криминалдық және патрульдік полиция қызметкерлері қатарынан мобильді топтар құрылды. Тексеру кезінде ішкі істер органдарының есебінде тұрған 480 адам қамтылды.