Ashyk көшбасшылары түнгі екіге дейін қызмет көрсете алады

Елде осы сенбіден бастап карантин режимі жеңілдетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Ashyk жүйесіне қосылған тамақтану орындары енді түнгі он екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат алды. Ал Ashyk көшбасшылары түнгі екіге дейін қызмет көрсете алады. Алайда оған келушілер екпенің екі бірдей дозасын алған болуы тиіс. Яки ПТР-тест тапсырған болуы қажет. Талап сондай. Яғни Ashyk мобильді қосымшасы «жасыл» түсті көрсеткендер ғана әлгіндей орындарға кіре алады. Одан бөлек, сенбі күндері қоғамдық көліктердің жүруіне рұқсат берілді.