Алматы облысында 100 адам қатысқан той тоқтатылды

Полицейлер мониторинг жасау барысында мейрамханада отбасылық жиын өтіп жатқанын анықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Той дереу тоқтатылып, нысан әкімшілігіне айыппұл салынды. Сондай-ақ тексеру барысында жеке үйлердің бірінде отбасылық жиын өткені белгілі болды. Мониторингтік топ үй иесіне айыппұл салып, қонақтарға ескерту жасады.