Талдықорғандағы жарылыстан зардап шеккендердің біреуі ауыр халде жатыр

Жарылыстан зардап шеккен жұмысшы денесінің 93-95 проценті күйген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Ал бет, мойын және арқа күйік жарақатымен түскен екі науқас жалпы бөлімшеге шығарылды.

Ілияс Бүйрекбаев, қалалық көпсалалы аурухананың дәрігері:

– Бүгін таңғы 4-те 3 науқас қабылдау бөліміне аса ауыр күйік жарақаттарымен түсті. Бір науқастың жағдайы өте ауыр, 93-95 пайыз күйік жарақатын алған. Қалған екі науқастың жағдайы орташа жағдайда. Бүгін консилиумнан соң екі науқас бөлімшеге ауысады. Барлық ем-шара жүргізіліп жатыр. Науқастардың жағдайы бақылауда.