Петропавлда тілшілерге күш көрсеткен күзетшілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Петропавлда журналистердің жұмысына кедергі келтіріп, оларды сауда ойын-сауық орталығынан күштеп шығарып жіберген күзетшілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тамыз айының басында біздің әріптестеріміз өңірде «Ашық» жүйесінің қалай жұмыс істеп жатқаны жайында материал жасамақ болған. Бірақ орталықтың қауіпсіздік қызметі нысанда бейнетүсірілім жүргізуге тыйым салып, тілшілерге күш көрсеткен. Аталған оқиға қатысты қазір іс қозғалды. Заң бойынша тергеу барысы әзірге жария етілмейді.

Журналистерге қоқан-лоққы көрсеткен күзет қызметі сот алдында жауап бере ме?

Әкімдіктегі бассыздық! Күзетшілер «Хабар 24» тілшісін есіктен шығарып жіберді