СҚО-дағы Булаево қаласында жылыту маусымына дайындық мардымсыз

Солтүстік Қазақстандағы Булаево қаласының тұрғындары «қыста жылусыз қаламыз ба» деп алаңдайды. Өйткені биылдыққа қазандықта дайындық жұмыстары жүргізілмеген. Құбырлары да тазартылмапты. 

- Всю зиму ходил. Трасса называется. Ну это что такое? Я не знаю что за отношение.  

Булаево қаласының тұрғыны Андрей Эйхнердің үйіне былтыр жылу құбыры бау-бақшасы арқылы тартылды. Бірақ трассаны төсеген кәсіпорын құбырдың сыртын дұрыс қаптамайды кеткен. 

Андрей Эйхнер, Булаево қаласының тұрғыны: 

- Ешкімге ештеңе керек емес. Әкімнің орынбасарына да айттық. Күнде ертеңмен сендіріп келді. Міне қаптаған материалдарының түрі мынау. Оның өзінде оны скотчпен бір рет ораған. Ит-мысықтар тырнап, жыртып тастады. 

- Вот этот материал, он проклеенный видите, а это просто было как, для связки, чтобы держалась она.

- Ну, у вас вся теплотрасса идет, скотчем обмотана.

- Не, ну это скотчем, это просто, она основной функции не несёт.  

Бүгінгі күні шағын ауданда 90 үй бар. Былтыр бюджеттен бөлінген 9 миллион теңгеге қазандықпен бір шақырымнан астам құбыр ауыстырылған. Ал биыл жуып шаю жұмыстары әлі жүргізілмеген. Бәріне қаржы тапшы.

Жәнібек Жанаділов, серіктестік басшысы:

- Абоненттерден тек 700 мың теңгедей ақша түседі. Оның 350 мыңын электр қуатына жұмсаймыз. 400-і жұмысшыларға айлық ретінде беріледі. Оның үстіне отын-көмір алуымыз керек. Қазір өзіміз шығынға батып отырмыз. Бірақ жылыту маусымына дейін олқылықтардың орнын толтырамыз.  

Мұнда кәрізбен су құбырларының да әбден тозығы жеткен. Мәселен, маусым айында болған апат әлі қалпына келтірілмеген. Тұрғындар болса қазылған жерден су тасып жатыр.

Қайыргелді Шынтеміров, Булаев қаласының тұрғыны:

- Екі айдан бері міне әлі дұрыстай алмай жатыр. Мына трубалары ескі ғой. Бәрі де су алып жатыр. А так далаға кетіп жатыр ғой. Ана котлован кішкене алыстау, мына жақын жерден ала қоямыз, огород суаруға  

Халықты жол мәселесі де алаңдатуда. 

Азамат Қыраубаев, Булаев қаласының әкімі:

- Жолды жөндеу үшін 60 миллион теңгедей қаржы қажет. Жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Бірақ өтініш мақұлданбады. Су бойынша сараптама тағайындау қажет. Кейін болашақта құбырларды жаңалауды жоспарлап отырмыз.

Әкім айтқандай әзір мұның бәрі жоспар. Бірақ қордаланған мәселелер нақты қашан шешілетіні әзір белгісіз. 

Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов