425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан «АрМИ-2021» ойындарында алдыңғы қатарда келеді

  • 122
  • UPD: 23:38, 25.08.2021
Қазақстан «АрМИ-2021» ойындарында алдыңғы қатарда келеді

Халықаралық әскери ойындар 11 мемлекеттің аумағында өтіп жатыр.

Оған әлемнің 40-тан астам елінен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері келген. Қазақстандық жауынгерлер алғашқы жеңіске қол жеткізіп те үлгірді. Танк биатлонында командамыз Әзербайжаннан, Беларусь және Сербиядан келген қарсыластардан басым түсті. Кедергілерден тез өтіп, барлық нысандарға дөп тигізген. Әскерилеріміз Арменияда өтіп жатқан жарыста да жүлдеге ие болды.

Абдулхәкім Дүйсенов, танк командирі, капитан:

- Бүгін Қазақстан командасы бірінші экипажы бірінші заездге қатысты. қобалжу болды. Біз қобалжуды жеңіп, жақсы нәтиже көрсеттік деп ойлаймыз. Келесі экипаждарға сәттілік тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы