Оқу орындары студенттерді қабылдауға дайын

Көкшетауда жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттерді қабылдауға дайын. Білім нысандарын аралап шыққан мониторингтік топ мүшелері осылай дейді.

Мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншіктегі оқу ғимараттарында «Ashyq» мобильді қосымшасын қолдану, дәлізде сани-тайзерлер мен арақашықтықты сақтау белгілерінің болуы, басты назарға алынған. Айта кетейік, Ақмола өңірінде 8 мыңнан астам студент вакциналаудың толық курсынан өтті.

Дамир Іргебаев, мониторингтік топ мүшесі:

Біздің мақсатымыз – оқу орны басшылығын әкімшілік жауапқа тарту емес. Білім ғимаратының биылғы оқу жылына толық дайындығын тексеру болып табылды. Барлық жерде санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін ескерттік.