425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ашық базарда кәсіпкерлер жаппай екпе алып жатыр

  • 112
  • UPD: 10:17, 26.08.2021
Ашық базарда кәсіпкерлер жаппай екпе алып жатыр

Ақтаудағы көтерме сауда орнында вакциналау бекеті ашылды.

Осылайша, ашық базарда тұратын кәсіпкерлер жаппай вакцина салдыра бастады. Соңғы тәулікте 50-ге тарта адам коронавирусқа қарсы дәрілік препараттың І-ші компонентін алды. Бұл ұжымның 80 процентін құрайды. Айта кетейік, мұнда жүзден астам сауда нүктесі бар. Ешқайсы да «Ashyq» мобильді қосымшасын қолданбайды. Осы себепті базар әкімшілігі мәселені шешудің тиімді жолын тапқан.

Гүлшырын Ізбасқанова, кәсіпкер:

– Шүкір, бәрі жақсы. Вакцина алдық. Ауырған жоқ. Қан қысымымды көрді. Бұрыннан бері алуымыз керек еді. Көпшілікпен жұмыс жасаймыз ғой. Бізге енді еш кедергі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы