423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ескі кітап – пайдалы кәсіп

  • 94
  • UPD: 13:10, 26.08.2021
Ескі кітап – пайдалы кәсіп

Қытайда сатылатын кітаптардың 80 проценті онлайн саудаланады.

Ел тұрғындары ғаламтордағы платформалар арқылы жаңа кітаптарды ғана емес, бір рет болсын қолданыста болған кітаптарды да ала алады. Есесіне кітаптың бұрынғы иесіне де, сатып алушыға да тиімді. Кезінде бұл жоба қоршаған ортаны қорғау мақсатымен де қолға алынған. Ал қазір қолданыста болған кітаптарға, офлайн дүкендер де ашылып жатыр.

Сырттан қарағанда бұл кітап сататын кәдімгі дүкен. Алайда бір ерекшелігі басылымдардың түгелі қолданыста болған. Дүкеннің атауы француздың «дежавю» сөзімен үндес. Ал қытай тілінен аударса көбірек балық аулау, мағынасын білдіреді. Алуан түрлі тақырыпта ұсынылған 10 мыңнан аса кітап арасында талай дүние табуға болады.

Вэй Лу, кітап сату бөлімінің директоры:

–Халықтың көбісінде оқылған кітаптар бар, олар құр орын алып жатыр. Ал Қытайда кітапқа құмар адамдардың саны өсіп келеді. Пайдаланылған кітаптарды сату  жақсы ой деп шештік. Бір жағынан қоршаған ортаны қорғаймыз. Алғашында бұл әлеуметтік желідегі қауымдастықтан дамыған онлайн-платформа болды. Офлайн дүкенді кейін аштық.

Кітабын дүкенге тапсырғысы келетін адамдар үшін бұл платформа өте ыңғайлы. Тек кодын сканерлеуі керек. Басылым жараса, платформа оның бағасын автоматты түрде анықтап береді. Ол осы кітапқа деген сұранысқа тәуелді.

Вэй Лу, кітап сату бөлімінің директоры:

–Адам кітапты сканерлегеннен кейін, оны атшабар алып кетеді. Тексеруден кейін құнын төлейміз. Кәсіпқойлардан құралған топ басылымның түпнұсақылығы мен сапасын бағалайды. Осыдан кейін қалпына келтіріп, тазалап, залалсыздандырамыз. Бар технологиясын өзіміз әзірледік. Осылайша адам қалаған кітабін арзан сатып ала алады. Әрі сапасы да жоғары болады.

Қазір платформаның 6 миллионан аса пайдаланушысы бар. Күн сайын 20 мыңдай кітап сатылады. Сайтта кім сатып алғанын біліп, онымен танысып, сүйікті шығармаңды талқылауға мүмкіндік бар. Дүкен кітаптармен шектелмей, қолданыста болған киім мен электрониканы да сата бастады.

Авторлары: Ботагөз Сырғабаева, Владимир Грабарь

Хабар 24 телеарнасы