Испанияда үш қабатты тұрғын үй құлап қалды

Иcпанияның Пеньискола қаласында үш қабатты тұрғын үй құлап, 3 адам үйінділер астында қалып қойды.

Бір тұрғынды шығаруға күш салып жатыр. Ақпарға қарағанда ол аман. Өзге жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Жалпы апат орынында 6 іздестіру-құтқару тобы жұмыс істеп жатыр. Әзірге 20 пәтерлі тұрғын үйдің, неден опырылып түскені белгісіз. Қазір тергеу жұмыстары басталып кетті.