17 жастағы қазақ қызы шахматтан ересектер арасындағы титулды жеңіп алды

Бибісара Асаубаева – Азия чемпионы. 17 жастағы қазақ қызы алғаш рет шахматтан ересектер арасындағы титулды жеңіп алды.

Құрлықтық дода 23 және 25 тамыз аралығында онлайн форматта өтті.Оған 15 елден 74 спортшы қатысты. Бұл жеңіс жерлесімізге қазан айында Латвияда өтетін әлемдік аламанға қатысуға мүмкіндік береді.

ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ

Бас жүлдені «Сарыарқа» мен «Ақтөбе» сарапқа салады. Хоккейден Қазақстан Кубогы мәресіне жетіп қалды. Күні кеше жартылай финалдық матчтар өтті. Оның аясында «Сарыарқа» өз алаңында «Торпедо» командасын қабылдап, айқын басымдықпен ұтты. Ерекшелігі сол – алғашы голды өскемендік клуб соқты. Бірақ «Сарыарқа» ойыншылары кездесу соңына дейін қарымта шайбамен жауап берді. Қорытынды есеп: 4:1. Оған паралель тағы бір жолдамаға «Ақтөбе» мен «Бейбарыс» таласқан. Алғашқысы 2:0 есебмен жеңіске жетті. Қос шайба да 3-ші кезеңде соғылды. Енді бас жүлде үшін талас бүгін Қарағанды қаласында өтеді. Жергілікті «Сарыарқа» өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдайды.

ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ

«Барыс» матчтарына көрермендер кіргізілуі мүмкін. Елордалық клуб осындай бастама көтерді. Қазір оның жай-жапсары талқыланып жатыр және аптаның соңына дейін нақты шешім шығады. Ал клуб мүшелері қызу дайындыққа кірісті. Биыл командадан 15 бірдей ойыншы кетіп қалды. Енді қысқа аралықта жаңа құрамды қалыптастырып үлгеру керек. Бұған қоса, клубты қаржыландыру да кәдімгідей қысқартылды. Соған қарамастан мақсамысыз өзгермейді дейді «Барыс» командасының президенті. Яғни, Құрлықтық Лиганың плей-офф кезеңіне шығуға тырысады. Айта кетейік, жаңа маусым 1 қыркүйекте басталады. Ал «Барыс» алғашқы кездесуін 3-ші қыркүйекте өткізеді. Өз алаңында  «Салават Юлаев» командасымен жолығады.

Борис Иванищев, «Барыс» ХК Президенті:

–Қазір қорғаушыларға қатысты мәселе бар. Бізде осы сапта ойнайтын 6 бірдей ойыншы кетіп қалды. Енді осы олқылықтық орнын толтыру үшін мықты спортшылар іздеп жатырмыз. Солтүстік америкадан хоккейшілер келуі мүмкін. Бапкерлер штабымен  ақылдасып, нақты тоқтамға келеміз.

«АСТАНА» ШАБАНДОЗЫ АЛДЫҢҒЫ ОНДЫҚТА

«Астана» шабандозы алыңғы ондықты. Испанияның таулы-қыратты аумағында  велокөпкүндік жалғасып жатыр. 11-кезеңде шабандоздар 133 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде словениялық Примож Роглич топ жарды. Ал «Астана» сапындағы Александр Власов мәре сызығын 8-ші болып кесті. Соның арқасында жалпы есепте 1 сатыға жоғарылап, 11-орынға жайғасты. Қазір ол көшбасшыдан 6 минут қалып келеді. Ал қазақстандық клубтың қалған мүшелерінде көрсеткіш төмендеу. Мәселен, Ион Иссгери кезең қорытындысы бойынша 16-шы, ал, Леон Санчес пен Горка Иссагери,сәйкесінше, 26 және 27-орындарда. Алда әлі 10 кезең бар. Испаниядағы бәсеке 5-ші қыркүйекке дейін жалғасады.

ПАРАЛИМПИАДА РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Алғашқы жарыс күні рекорд жаңарды. Токио төрінде паралимпиада ойындары өтіп жатыр. Ең бірінші болып  жүзу шеберлері жарысқа араласқан. Әсіресе, әйелдер арасында 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде жаңа көрсеткіш тіркелді. Ресейлік Валерия Шабалина  аталған аралықты 1 минут 5,37 секундта бағындырып, паралимпиада рекордын жаңартты. Ал ерлер арасындағы сынға қазақстандық Роман Агалаков қатысқан болатын. Ол жалпы есепте 11-сатыға жайғасты. Ал финалға тек алдыңғы 8 спортшы өтеді. Енді Роман 29 тамыз күні 50 метрге еркін әдіспен жүзу бәсекесінде бағын сынайды.

КЕЗЕКТІ ЖАРЫС КҮНІ БАСТАЛДЫ

Дәл қазір Токиода кезекті жарыс күні өтіп жатыр және бүгін  30 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Әсіресе, велотрек, семсерлесу, ат спорты және пауэрлифтинг бағыттары бойынша чемпиондар анықталмақ. Қазақстандық спортшылар  соңғысы бойынша сынға түседі. Әйелдер арасындағы жеңіл салмақтағы Алина Солодухина ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, Алина Азия параойындарының қола жүлдегері. Ал, ерлер арасында Азияданың күміс жүлдегері қазақстандық  Давид Дегтярев жарысқа шығады. Бұл бәсекелер түсткен кейін басталады.

Айта кетейік, биыл жерлестеріміз бас-аяғы 26 жолдама жеңіп алды. Бұл өзіндік рекорд. Токиодағы ойындар 5-қыркүйекке дейін жалғасасады.

 

 

Сондай-ақ...