Елордада масаларды улау бойынша жұмыстардың бесінші кезеңі жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтандағы шыбын-шіркейді улау жұмыстарының бесінші туры осы жылдың 19 тамызынан 7 қыркүйегіне дейін өткізіледі.

Өңдеу жұмыстары тұрақты және уақытша су айдындары, сондай-ақ ашық алаңдар мен қала шетіндегі аумақтарда жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалада масаларды жою жұмыстарын Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының «Астаналық дезинфекция» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді.

Қазіргі уақытта ашық стациялардағы дезинсекциялық іс-шаралар елорданың орталығынан басталып, қаланың шетіне дейін жалғасады.

Қала маңындағы қорғаныс тосқауылдары елорданың шет жақтарынан масалар мен шіркейлердің жаппай ұшып кетуіне жол бермеу мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі. Жұмыстар арнайы дезинфекциялық машиналар мен термогенераторлардың көмегімен, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, адамдар мен жануарларға қауіп төндірмейтін хлорпирифос және малатион белсенді затымен органофосфор қосылыстары (ОФҚ) класының инсектицидтік препараттарын қолдана отырып жүргізіледі.

Шыбын-шіркейді жою жұмыстарына 150 дезинфектор, 8 биолог-энтомолог, 24 термогенератор, 150 моторлы-ранцты бүріккіштер, дезинфекциялық қондырғылары бар дезинфекциялық машиналар мен мотошасси жұмылдырылды. Бесінші тур аясында жалпы ауданы 667,92 га болатын тұрақты және уақытша қалыптасқан таяз су айдындарында ауқымды жұмыстар жүргізілді.